«Шекара маңындағы сауда, көлік, логистика және өнеркәсіптік кооперация орталықтарының желілерін ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Өзбекстанмен арадағы шекарада «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру басталды. Жол картасы бекітілді, орталықтың орналасатын жері анықталды және жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Оған жұмсалатын қаражат Өзбекстан аумағындағы бөлігі үшін шамамен – 45 млн доллар, ал Қазақстан аумағында – шамамен 100 млн доллар», - деп мәлім етті Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.
Сонымен қатар, министр алқа отрысында былтырғы жылдың 10 айында Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 34,1 пайызға өскенін атап өтті.