Қазақ халқы жоңғар шапқыншылығы, қасіретті зұлмат жылдар, екінші дүниежүзілік соғыс, Ауғанстандағы әскери шиеленістерге қатысу сынды талай тағдыр сынынан өтті.
Бүгінгі таңда қазақстандық армия қатарында өзінің қасиетті борышын абыроймен атқарып жүрген 8 мыңнан аса әйел әскери қызметші қызмет етеді.
7 мамыр күнін Отан қорғаушылар ерлер қауымы ғана емес, сонымен бірге туған жеріміздің тыныштығын сақтап, тәуелсіздігіміздің берік қалқаны, ұйытқысы болып отырған Отан қорғаушы қыз-келіншектеріміз де атап өтетін болады.