Вице-министрдің айтуынша, олардың тоғызы тек мектепті ғана бітірген. «Бұл - мектеп басшылары тарапынан кадрларды таңдаудағы жіберіліп отырған олқылық», - деді Е. Иманғалиев.
Айтып өтейік, қазіргі кезде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы шегінде кадр даярлау 32 жоғары оқу орнында, «Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 15 жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады. 2013-2014 оқу жылында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына мемлекеттік тапсырыс 465 грантқа, «Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 55 грантқа тең.