«Тілді үйрететін әдістемелер басқа елдерде баршылық. Бірақ бізде жоқ. Қазақтың балалары шет елдерге барып, олардың тілін бес-алты айдың айналасында үйреніп шығады. Оқып, түсініп, жаза алады. Дәл осындай қазақ тілін үйрететін әдістеме бізде жоқ. Сондықтан да, осы олқылықты толтыру үшін екі бағытта жұмыс істеп жатырмыз», -деді Е. Сағадиев.
Оның айтуынша, қазақ тілін үйрететін жаңа технологиялар әзірленіп жатыр. Екіншіден, әдістеме енгізу мамандарынан жастарды шет елдердегі халықаралық институттарға жіберу көзделеді. «Израильмен, Германиямен келісіп жатырмыз. «Әдістемелер дайындайтын Мекке» саналып келген Гарвард университетінде де оқытып, әдіскерлер арқылы қазақ тілін дамытудың жаңа тәсілдерін меңгеретін боламыз», - деді министр.