— Қазақстан әдеттегідей дамудың маңызды кезеңінде. Бұл ел экономикалық трансформацияны жүзеге асырумен бірге, аймақтағы ғана емес, күллі әлемдегі цифрлық инновацияның келешегін қалыптастырып жатыр. Citigroup компаниясы зор мәртебемен Қазақстанның ұзақ мерзімді серіктесі болып қала береді, — деді ол.
Сонымен бірге, Дэвид Ливингстон Қазақстанның нақты цифрлық бастамаларына тоқталды.
— Біз Қазақстан билігінің көрегендігін жоғары бағалаймыз. Мемлекеттік цифрлық активтер қоры, Алатау қаласын дамыту, Ұлттық банктің цифрлық теңгені енгізуі тәрізді бастамалар Қазақстанды инновациялық дамудың әлемдік көшбасшылары қатарына қосады. Біздің компания, әсіресе, Алатау қаласының әлеуеті мен мақсаттарына жоғары баға береді. Қазақстан мемлекеттік институттарды, инфрақұрылымды және нормативтік-құқықтық базаны дамытудың арқасында сенімді қаржылық жүйені құрып жатыр. Ол ұзақ мерзімді халықаралық инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Мұндай зор цифрлық мұратты жүзеге асыру әлемдік деңгейдегі инфрақұрылымды талап етеді. Сіздердің NVIDIA-мен суперкомпьютерлік қуаттарды құру жөніндегі келісіміңіз бұл бағыттағы аса маңызды қадам, — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Жаслан Мәдиев ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінде Қазақстанның цифрлық бастамаларын таныстырғанын жазғанбыз.