Қазақстан алғаш рет ИКАО Кеңесіне өз кандидатурасын ұсынып, дауыс беру қорытындысы бойынша дауыс берген 158 мемлекеттің 78 дауысына ие болып, бесінші орынға орналасты.
Кеңес құрамына Эфиопия, Түркия, Оман және Индонезия сайланды.
Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50(а) бабына түзету енгізу туралы хаттаманың 2026 жылғы 12 маусымда күшіне енуіне байланысты ИКАО Кеңесіндегі мемлекеттер саны 36-дан 40-қа дейін ұлғайды.
ҚР Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, жаңартылған құрамдағы Кеңес 2028 жылы ИКАО Ассамблеясының 44-ші сессиясында өтетін келесі сайлауға дейін өз қызметін атқарады.
Айта кетейік, Қазақстан ОА елдерінің ішінде алғаш рет ИКАО алаңында арнайы қабылдау ұйымдастырды.