Қазақстан әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетуді бастады

АСТАНА. KAZINFORM - 12 тамызда Венгрияның Будапешт қаласында әртістік жүзуден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталды.

Фото: ҰОК

Аталған жарыста Қазақстан құрамасы да өнер көрсетеді. Ұлттық құраманың тізімі келесідей: Салима Ақылбек, Виктор Друзин, София Ихшенко, Ясмина Исламова, Даяна Джаманчалова, Мақпал Қалмұрза, Полина Мерзлякова, Жанерке Нұркенқызы, Алдияр Рамазанов, Айғаным Саим, Анастасия Воронкова, Тахмина Заирова.

Жарыстың алғашқы күні отандастарымыз ерлер арасындағы техникалық бағдарламада және командалық сайыста (техникалық бағдарлама) сынға түседі.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 16 тамызға дейін жалғасады.

Айта кетелік Тараз командасы су добынан әйелдер арасында ел чемпионы атанған еді