Қазақстан ат спортынан Польшадағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Вежбнада (Польша) ат спортынан Wierzbna Bialy Las халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасының өкілдері жарыста үш медаль иеленді.

Фото: ҰОК

Жарыстың шешуші күнінде қазақстандық спортшылар кедергі биіктігі 120 сантиметр болатын CSI3* конкурында бірінші және екінші орындарды алды.

Раиса Соколенко Chevalier атымен жарыс жолын айып ұпайынсыз аяқтап, алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынға Shenanigan атымен өнер көрсеткен Олег Соколенко жайғасты.

Үшінші орын польшалық Малгожата Кошуцкаға V-Querida of Vigo Z атымен бұйырды.

Раиса Соколенко бұған дейін де бір жүлде жеңіп алған. Қазақстандық спортшы Chevalier атымен кедергі биіктігі 120 сантиметр болатын CSI1* бәсекесінде күміс медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирді бір алтын және екі күміс медальмен қорытындылады.

Айта кетелік Қазақстаннан 150-ден астам спортшы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысып жатыр