Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасының жеребесінде қай себетте тұр

АСТАНА. KAZINFORM — Швейцарияның Ньон қаласында 3 қарашада 2027 жылғы UEFA әйелдер арасындағы Ұлттар лигасының топтық кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтеді.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Жеребе Астана уақытымен сағат 17:00–де басталады.

Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы С лигасында 2-себетке орналасты.

  • 1-себет: Словакия, Израиль, Черногория, Латвия, Мальта, Люксембург;
  • 2-себет: Хорватия, Қазақстан, Әзербайжан, Фарер аралдары, Молдова, Босния және Герцеговина;
  • 3-себет: Эстония, Кипр, Армения, Грузия, Болгария, Солтүстік Македония;
  • 4-себет: Андорра, Лихтенштейн, Гибралтар, Сан-Марино.

UEFA жеребе рәсіміне сәйкес, С лигасында 22 құрама алты топқа бөлінеді. Оның төртеуінде төрт командадан, қалған екеуінде үш командадан ойын көрсетеді.

Еске салайық, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының UEFA Ұлттар лигасы аясындағы алдағы екі кездесуіне шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімі жарияланды.