Қазақстан әйелдер құрамасы В тобында өнер көрсетіп жатыр.
Алғашқы ойында отандастарымыз Филиппин құрамасымен кездесті. Матчтың қорытындысы бойынша қазақстандық волейболшылар 3:1 (27:29, 26:24, 25:23, 25:19) есебімен жеңіске жетті. Осылайша ұлттық құрама бірден ширек финалға шықты.
Ұлттық құрама сапында Айгүл Мүлкібаева, Жанна Сыроешкина, Ирина Кузнецова, Кристина Белова, Маргарита Бельченко, Мадина Бекет, Наталья Хазова, Перизат Нұрбергенова, Полина Уфимцева, Татьяна Никитина, Татьяна Яцкив, Юлия Фоменко ел намысын қорғауда.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 18 қыркүйекте Қытай командасымен кездеседі. Қытайлықтар бұған дейін Филиппин құрамасын 3:0 есебімен жеңген еді.
Еске салайық, бұған дейін күрестен U23 әлем чемпионатына қатысатын ел құрамасының тізімі белгілі болғанын жазғанбыз.