Ресми өкілдің айтуынша, визасыз режим енгізу туралы шешім қабылдау кезінде Индонезия тарапы өзара түсіністік қағидатын басшылыққа алды.
— Бұған дейін Қазақстан Индонезия азаматтарына Қазақстан аумағына визасыз кіру және 30 күнге дейін болу құқығын берген болатын. Осылайша екі ел азаматтары үшін отыз күнге дейінгі мерзімге визасыз кіру және болу режимі қолданылады, — деді Жанболат Үсенов.
Индонезия тарапы белгілеген талаптарға сәйкес, визасыз кіру тегін жүргізіледі және елге бір рет кіруге мүмкіндік беріледі. Ел аумағында болудың рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі — келген күннен бастап, 30 күнді құрайды.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 1 қазаннан бастап, шетелден Индонезияға келетін барлық жолаушы all Indonesia бірыңғай электронды декларациясын толтыруға міндетті. Электронды декларацияны толтыру тегін және оны Индонезияға келгенше алдын-ала рәсімдеуге болады.
Бұған дейін ҚР СІМ ресми өкілі Грузияда рұқсатсыз жұмыс істегендер 5 жылға дейін елден шығарылуы мүмкін екенін айтқан еді.
Сондай-ақ, Қазақстанның Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысымен кездеседі.