Бұған дейін хабарлағандай Бразилияның Сан-Паулу қаласында Қазақстанның екі азаматшасы ұсталып, олардан 2 келіден кокаин тәркіленген болатын.
«Аталған фактіні ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес департаменті тергеу барысында алмаз бұйымдарын тасымалдау желеуімен екі қарағандылықты іске тартып, оларды Бразилияға жіберген Қарағандының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған қылмысты жасағаны үшін ол қазақстандық сот шешімімен 6,8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар қазақстандық полиция қазақстандықтарды алдап іске тартқан Иордания азаматы Амер Бассам Самер Саламехке іздеу жариялаған болатын. Ол күні кеше Грузияда ұсталды», - деді ол.
Оның дерегінше, ҚР СІМ көмегімен Сан-Паулу қалалық сотына ұсталған қарағандылықтың кінәсіздігі дәлелденіп, ол толықтай ақталған. Ал Бразилияда ұсталған екінші азаматшамыз 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазіргі уақытта бразилиялық полиция ҚР ІІМ-нің көмегімен аталған елдің аумағындағы халықаралық есірткі топтарының байланыстарын тергеу жүргізілуде.
«Трансұлттық қылмыстық топты ҚР ІІМ АҚШ-тың Есірткімен күрес басқармасының қолдауымен, ҚР СІМ-мен бірге жойды», - деді Алмас Садубаев.