«2022 жылы 22 114 адам, оның ішінде 17 663 қандас Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Мәліметтерге сүйенсек, былтыр Қазақстан азаматтығын алғандардың ішінде көбісін Өзбекстан – 14 353 (оның ішінде 13166-сы этникалық қазақ), Қытай Халық Республикасының – 1 731 (оның ішінде – 1725-і этникалық қазақ), Ресейдің – 1 436 (484-і этникалық қазақ), Түрікменстанның -1 186 (оның ішінде – 1176 этникалық қазақ) және Қырғызстанның – 910 (оның ішінде – 220-ы этникалық қазақ) азаматтары құрайды», - деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.
Ведомство дерегінше, 2023 жылдың 7 айында 14 561 адам Қазақстан азаматтығын алды, оның ішінде 11 142 қандас бар.
«Олардың көп бөлігі Өзбекстан – 8 500 (оның ішінде 7301-і этникалық қазақ, Ресей – 2 133 (оның ішінде 845-і этникалық қазақ), Түрікменстан -1 203 (оның ішінде 1185-і этникалық қазақ), Қытай Халық Республиксының – 1 064 (оның ішінде 1 062-сі этникалық қазақ) және Қырғызстан – 718 (оның ішінде 535-і этникалық қазақ) азаматтары болды», - деді министрліктен.