АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық балуандар Эльмира Сыздықова мен Гүлдана Бекеш Францияның Ницце қаласында Henry Deglane Гран-при турнирінде чемпион атанды.
Қазақстан күрес федерациясынан мәлім еткеніндей, 2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Э.Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта қарсылас шыдатпады.
Г.Бекеш 59 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.
Осылайша, қос балуан үшін жылдың алғашқы жарысы сәтті басталды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Спорт министрі дзюдошы Галбадрахтың азаматтығына қатысты пікір айтқанын жазған болатынбыз.
Полиция қызметкері «Бас балуан» атанды.
Белгілі балуан басшылық қызметке тағайындалды.
Оңтүстік Кореядағы турнирде шыңжаңдық екі қазақ балуаны топ жарды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).