Полиция қызметкері «Бас балуан» атанды
АСТАНА. KAZINFORM – 11 қаңтарда Астанада қазақ күресінен ересектер арасында «Дала қырандары» республикалық турнирі өтті. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Жарысқа 64 үздік балуан қатысты. 60 келі салмақ дәрежесінде «Бас балуан» атағын Ақтөбе облысынан келген 24 жастағы полиция лейтенанты Нұрлыхан Мұханбетов жеңіп алды. Нұрлыхан 12 жасынан бастап спортпен шұғылданып келеді. Ол қазақ күресі, самбо және дзюдодан Қазақстан чемпионаттарының және республикалық турнирлердің жүлдегері атанған.
— Сайыс жоғары деңгейде өтті. Спортшылар тамаша дайындалған. Қазақ күресі әлемдік деңгейге көтеріліп келеді. Болашақта әлем чемпионатында, соның ішінде Үндістанда өтетін әлем чемпионатында және Олимпиадада Қазақстанның намысын қорғағым келеді, — деді Нұрлыхан.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қысқы Универсиадада Анастасия Городко фристайлдан чемпион атанғанын жазған болатынбыз.