Қазақстан Бельгияның Музыкалық аспаптар мұражайына жетігенді сыйға тартты

АСТАНА. KAZINFORM — Бейсенбі күні Қазақстан елшілігінің қолдауымен Бельгияның Музыкалық аспаптар мұражайына қазақтың жетіген ұлттық аспабын сыйға тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazinform-ның Брюссельдегі меншікті тілшісі. 

Фото: Арнур Рахимбеков/Kazinform

Бұл аспаптарды ҚР Елшілігі «Креативті индустрияларды дамыту қорымен» бірлесіп сыйға тартты. Салтанатты рәсім барысында жергілікті музыканттар аспапта әуендер орындап, ол көрмеге қойылмас бұрын мұражайға келушілерге оның дыбысталуын таныстырды.

Биылғы жылдың басында домбыра мен сазсырнай мұражайдың тұрақты коллекциясының бір бөлігіне айналып және сандық түрде — онлайн каталог пен аудиогид түрінде қолжетімді болады. Мұражайға келушілер әрбір аспаптың ойналуын тыңдап, олардың шығу тегі мен мәдени маңызы туралы біле алады.

Бельгия музыкалық аспаптар мұражайы (MIM) — 1877 жылы құрылған Корольдік өнер және тарих мұражайларының бір бөлігі және бүгінде шамамен 8 мың аспаптан тұратын кең коллекциясы, сондай-ақ Брюссельдің сәулет ескерткіштерінің бірі болған тарихи ар-нуво ғимаратының арқасында әлемдегі жетекші музыка мұражайларының бірі саналады.

Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Роман Василенко еліміздің басқа елдер сияқты мәдени дипломатияны ұзақ уақыт бойы ілгерілетіп отырғанын атап өтті. 

— Неліктен мұны Бельгияның астанасы және Еуропалық одақ астанасы Брюссельде жасау маңызды? Өйткені мұнда Еуропалық одақтың бүкіл әлемдегі саясатын, экономикасын анықтайтын көптеген ұйым, ЕО-ның көптеген басқарушы органы шоғырланған, — деп мәлімдеді ол.

Роман Василенконың айтуынша, Брюссельде мәдени әртүрліліктің кең ауқымын білдіретін бірнеше мың шетелдік өкіл тұрып, жұмыс істейп жүр. 

— Сондықтан Shanyrak Fest Brussels немесе жетіген музыкалық аспабын Корольдік музыкалық аспаптар мұражайына таныстыру сияқты іс-шаралар біздің елдер арасында жаңа көпірлер салуға және қазақстандық мәдениет пен дәстүрлерімізді тереңірек түсінуге ықпал ететіні сөзсіз, — деді дипломат.

Осыған дейін Бельгияның Брюгге қаласында Наурыз мерекесі тойланғанын жаздық.