Биыл еліміз аталған халықаралық алаңда арнайы ұлттық стендін ұсынды.
Көрмеге Қазақстанның Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен Ұлттық кітапханасының, сондай-ақ еліміздің жетекші баспаларының өкілдері қатысып жатыр.
Ұлттық стендте шетелдік оқырмандарды қазақ әдебиетімен, Қазақстанның тарихы және мәдениетімен таныстыратын 100-ге жуық отандық басылым ұсынылған.
Beijing International Book Fair-ге әлемнің түкпір-түкпірінен келген баспагерлер, қаламгерлер, аудармашылар және авторлық құқық саласының мамандары қатысып жатыр. Қазақстанның көрмеге қатысуы отандық әдебиетті шетелде кеңінен насихаттауға, жаңа аударма жобаларын жүзеге асыруға және халықаралық кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.
Көрме 21 маусымға дейін жалғасады.
Қазақстанның тазы тұқымы World Dog Show 2026 көрмесінде жоғары нәтиже көрсеткенін жазған едік.