Қазақстанның тазы тұқымы World Dog Show 2026 көрмесінде жоғары нәтижелер көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM – Италияның Болонья қаласында өтіп жатқан World Dog Show 2026 дүниежүзілік иттер көрмесінде Қазақстанның ұлттық тазы тұқымы жоғары нәтижелер көрсетіп, халықаралық деңгейдегі бірнеше беделді атаққа ие болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Еуроодақтағы меншікті тілшісі.

Казахские тазы получают высокие места на «WorldDogShow -2026» в Болонье
Фото: Арнұр Рахымбеков/Kazinform

World Dog Show – халықаралық кинологиядағы ең маңызды іс-шаралардың бірі. Биылғы көрмеде Қазақстан үшін ерекше маңызға ие тазы тұқымы таныстырылды. Бұл ұлттық ит тұқымы 2024 жылы Халықаралық кинология федерациясының (FCI) алдын ала мойындауына ие болған еді.

Қазақстан кинологтар одағының мәліметінше, қазақстандық тазы иттері бірнеше көрме мен байқауда жеңімпаз атанды.

Казахские тазы получают высокие места на «WorldDogShow -2026» в Болонье
Фото: Арнұр Рахымбеков/Kazinform

Club Show-2026 көрмесінің нәтижелері:

  • Үздік жас төбет – Ақтабан (Астана, иесі Б. Қасымбергебаев);

  • Үздік жас ұрғашы төбет – Табиғат (Алматы, иесі Т. Каримов);

  • Үздік төбет – Лашын (Астана, иесі И. Бектібаева);

  • Үздік ұрғашы төбет – Рея (Астана, иесі И. Бектібаева);

  • Тұқымның үздік өкілі, Club Show-2026 жеңімпазы – Лашын.

ENCI Winner-2026 халықаралық көрмесінің нәтижелері:

  • Үздік жас төбет – Челси (Астана, иесі М. Жанпейісов);

  • Үздік жас ұрғашы төбет – Табиғат (Алматы, иесі Т. Каримов);

  • Үздік төбет – Перс (Астана, иесі П. Гордиенко);

  • Үздік ұрғашы төбет – Рея (Астана, иесі И. Бектібаева);

  • Тұқымның үздік өкілі, ENCI Winner-2026 жеңімпазы – Перс.

World Dog Show 2026 көрмесінің нәтижелері:

  • Үздік жас төбет – Челси (Астана, иесі М. Жанпейісов);

  • Үздік жас ұрғашы төбет – Табиғат (Алматы, иесі Т. Каримов);

  • Үздік төбет – Лашын (Астана, иесі И. Бектібаева);

  • Үздік ұрғашы төбет – Рея (Астана, иесі И. Бектібаева);

  • Тұқымның үздік өкілі, World Dog Show 2026 жеңімпазы – Лашын.

Сонымен қатар қазақстандық тазы иттері халықаралық чемпиондық атақтарға да ие болды.

Жас әлем чемпиондары (WDS-2026):

  • Челси;

  • Табиғат.

Әлем чемпиондары (WDS-2026):

  • Лашын;

  • Рея.

Италия чемпиондары:

  • Дастер;

  • Лашын;

  • Рея;

  • Перс;

  • Арлан.

Италияның жас чемпиондары:

  • Челси;

  • Табиғат;

  • Ақтабан.

Италия чемпионы атағына үміткер:

  • Кербез.

Чемпиондар сыныбындағы резервтік жеңімпаз:

  • Сарбаз.

– Тазыны осындай жарыстарға дайындау көп уақыт пен еңбекті талап етеді. Дегенмен әлемде бұл тұқымға қызығушылық артып келеді. Ең алдымен, оның табиғи қасиеттері мен аңшылық қабілеттерін сақтап қалған абориген тұқым болуымен байланысты. Мұндай халықаралық көрмелер Қазақстанды және оның бай мәдениетін әлемге танытуға да мүмкіндік береді, – деді Дастер лақап атты тазының иесі Әнуар Әлжанов.

Қазақстан кинологтар одағының World Dog Show 2026 көрмесіне қатысуы тазы тұқымын толық халықаралық мойындату жолындағы маңызды кезеңдердің бірі саналады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақ тазыларының саны екі жылда 4 есе өскені хабарланды.