«Тиісті жоспар бар және оны таяуда жүзеге асырамыз. Осы орайда бірнеше бағыт бойынша әуе рейстерін қысқарту ескерілген. Бұл тұрғыда Украина, Германия, Беларусь, сондай-ақ БАӘ қамтылмақ. Сонымен қатар бұған дейін Түркиямен арадағы рейстерді қысқарту туралы жариялаған едік», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұған дейін хабарланғандай, Ерлан Қиясов коронавирустың таралуына тосқауыл қою бойынша мемлекеттік шекарадағы шаралар туралы түсіндірді.