Қазақстанның Украинадағы елшілігінен мәлім еткендей, тараптар сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру, іскерлік қарым-қатынасты қалпына келтіру мәселелерін талқылады.
«Елші Д.Кәлетаев өз сөзінде екі ел президенттерінің жақында телефон арқылы сөйлесуінде көтерілген мәселелерді талқылап, қазақстандық бизнес украиналық серіктестермен жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді», - делінген ұсынылған хабарламада.
Г. Чижиков биылғы 23 шілдеде аталып өткен екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтады.
Фото: facebook.com/KazEmbassyUkr