«Бүгін Үкімет сағатында министр қазақстандық компания тендер ұтып алғанын хабарлаған болатын. Бұл мемлекеттік тендерді қаржыландыру Ауғанстан үкіметі тарапынан іске асырылады, себебі ол жоба бұл ел үшін басымдықты болып отыр. Болашақта барлық талаптарды сақтай отырып, қазақстандық компаниялар инвестор ретінде кіруі мүмкіндігін жоққа шығармаймыз», - деді Е.Ашықбаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Осы орайда ол аталған елдегі өзіндік ахуалды еске ала отырып, қазақстандық бизнесмендер үшін қауіпсіздікке толықтай кепілдік беру қиын екенін атап өтті.
«Әрине, қауіпсіздік мәселесі басымдықты бағыттардың бірі болып отыр. Біз жағдайды тыңғылықты зерделеп, қазақстандық компанияларға ұсыныстар береміз. Барынша қолайлы жұмыс режімін қамтамасыз етуге тырысамыз. Өздеріңіз түсінесіздер, қауіпсіздік бойынша 100 пайызға кепілдік беру мүмкін емес. Ауғанстан проблемасы бойынша ұзақмерзімді шешім жасалғанда ғана кепілдік беруге болады», - деді министрдің орынбасары.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына үлесін қосады.
Сонымен қатар, еліміз аталған мемлекет аумағында кен орындарын игеруді көздеп отыр.
14:41, 04 Наурыз 2019
Қазақстан бизнесіне Ауғанстанда қандай мүмкіндіктер бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев қазақстандық-ауғанстандық экономикалық ынтымақтастықтың перспективалары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.