«Былтыр Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылғаннан соң Ресей автокөліктерге қатысты алым енгізген болатын. Бұл (утилизациялық алым-ред.) автокөліктерге баж салығын төмендету мақсатында енгізіліп еді. Бүгінге дейін Қазақстаннан Ресейге автокөліктер импортталып келді. Атап айтқанда, былтыр біз шамамен 600 бірлік автокөлікті экспорттадық. Бұлар негізінен «Астана-моторс» құрастыратын Хюндай маркасындағы шағын жүк көліктері болатын. Жалпы экспорттық сома 29 млн. долларды құрады», - дейді Т. Жақсылықов.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы да Қазақстаннан автокөліктер экспортталуда. «Дегенмен, проблемалар бар. Ресей алым енгізгеннен бастап бұған ДСҰ қарсы шығып келеді. ДСҰ бұндай алымның шеттен келетін көліктерге ғана емес, «Автовазға» да, Кеден одағының басқа да мүшелеріне салыну қажеттігін айтады. Сондықтан да, ендігі мәселе алымдардың қандай мәнде болатынында», - дейді вице-министр.