Жарыстың соңғы күні 90 келіден жоғары салмақта Ердәулет Жұмабай финалға дейін жетіп, қарсыласына жол берді. Нәтижесінде отандасымыз күміс жүлдеге ие болды.
Осылайша Қазақстан құрамасы кадеттер арасындағы Гран-при кезеңін алты медальмен аяқтады. Бұған дейін Әдия Жанахмет (40 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды.
Ернат Кеңесбек (55 келіге дейін) және Аслан Ерғалиев (60 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. Ал Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) және Ерік Үсенов (66 келіге дейін) үшінші орын алды.
Айта кетелік гимнаст Нариман Құрбанов Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарған еді.