Гимнаст Нариман Құрбанов Ресейдегі халықаралық турнирде топ жарды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Ресейдің Мәскеу қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде топ жарды.
Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда 15,066 ұпай еншілеп, алтын медаль жеңіп алды.
Ресей өкілі Ранель Сафиуллин 14,300 ұпаймен екінші орынға ие болды. Ал оның жерлесі Даниел Маринов 13,866 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Еске салайық, бұған дейін Зейнолла Ыдырысов пен Нариман Құрбанов әлем кубогының кезеңінде жүлде алғанын жазған едік.