Әлім Байел мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың екіжақты қарым-қатынастың маңызды бөлігі екенін айтып, министрге Елшілік бастамаларына көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс білдірді. Әділ Кәрімлі қазақстандық тарапқа екіжақты негіздегі және ТҮРКСОЙ аясындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды белсенді қолдағаны үшін алғысын жеткізді.
Тараптар осы жылдың желтоқсан айында Бакуде өтетін Қазақстанның Әзербайжандағы мәдениет күндеріне дайындық барысын талқылады. Екі ел арасындағы мәдениет күндерін алмасу Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Илхам Әлиевтің тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Әңгімелесушілер таяуда Қор Президенті болып тағайындалған Қазақстан өкілі Ақтоты Райымқұлованың жетекшілігімен халықаралық түркі мәдениеті және мұрасы қорының қызметі одан әрі дамитынына сенім білдірді.