Ерлер арасында Қазақстан командасы ақтық сынға шығып, шешуші жекпе-жекте Қытаймен күш сынасты. Кездесу 0-2 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Ұлттық команда сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкаримов, Батырхан Кусетов бақ сынады.
Жарыс барысында Қазақстан ширек финалда, Марокконы (2-0), кейін Ресейден (2-1) басым түсті.
Айта кетейік, командалық әлем кубогына 10 мемлекеттен 80 даянг шебері жиналды.
Қазақстаннан тоғыз боксшы U19 Азия чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайтынын жазған едік.