«Бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі басшысының ұсталғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Ішкі істер министрлігі аталған фактіні растайды», - делінген хабарламада.
Министрліктен мәлім етілгеніндей, 11 ақпан күні ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Сот санкциясымен оны қамауға алу туралы шара қабылданды.
«Тергеу шараларының жүргізілуіне байланысты қандай да бір ақпарат таратылмайды», - деді министрліктен.