Ресми ақпарат бойынша бұл кезеңде турнир қожайыны мәртебесіне үміткерлердің рекордтық саны тіркелген. Онда Қазақстаннан өзге Испания, Хорватия, Франция, Финляндия, Грузия және Польша бар.
Бекітілген ережеге сәйкес үміткерлер өтінімдердің түпкілікті құжаттамасын 2027 жылдың 8 маусымына дейін тапсыруы тиіс. Оны ұйымдастырушы ел 2027 жылдың қыркүйек айында UEFA Атқарушы комитеті отырысының қорытындысы бойынша ресми түрде анықталады.
Еске салсақ, ұйым аясында алдағы уақытиа өзге де ірі іс-шаралар өтеді. 2027 жылы Астана қаласы UEFA-ның Конгресі болса, елордамыз 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы футзалдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін қабылдайды. Одан бөлек, 2028 жылы «Астана Арена» стадионында UEFA суперкубогы матчы өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионаты негізгі іріктеу кезеңінде елордада Беларусьтен басым түсті.