Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы бес кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Олар Польша құрамасын 29:14, Бельгияны 28:21, Оңтүстік Африка Республикасын 27:11, Италияны 24:11 және Ливияны 20:17 есебімен жеңді. Жартылай финалда қазақстандықтар Италиямен қайта жолы түйісіп, 23:13 есебімен ұтты.
Ал финалда Қазақстан құрамасы Ливия командасымен жолығып, 28:23 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Испания мен Аргентина арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы Қазақстан уақыты бойынша 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні өтеді.