АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Сирачадағы (Таиланд) халықаралық турнирде тағы екі медаль иеленді.
Отандастарымыз U17 санатында екі алтын медаль жеңіп алды.
Марлен Тулеш 71 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Ал Арыстан Темерғали 110 келіге дейінгі салмақта алтын тұғырға көтерілді.
Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Анапия (82 келіге дейін) және Данияр Қанағатбек (72 келіге дейін) U20 санатында алтын алған еді.
Еске салайық, қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алғанын хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.