Қазақстан Халық партиясының төрағасы мәслихат сайлауында дауыс берді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Халық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді. Бұл туралы ол партияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.

Фото: Қазақстанның Халық партиясы

Шоқановтың айтуынша, партия барлық деңгейдегі мәслихаттарға 194 кандидат ұсынған. Партия өкілдері де сайлау процесіне белсенді қатысып жатыр.

Партия жетекшісі жергілікті өкілді органдардың жұмысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген өңірлерді дамыту міндеттерін жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

– Осы тұрғыдан алғанда, мәслихаттарға ерекше жауапкершілік жүктеледі. Жергілікті бюджетті бекіту және даму бағдарламаларының орындалуын бақылау халықтың күнделікті қажеттіліктерімен тікелей байланысты, - деп жазды Нұрсұлтан Шоқанов.

Сондай-ақ, ол өңірлердің дамуын ең алдымен адамдардың өміріндегі нақты өзгерістер арқылы бағалау қажет екенін атап өтті.

– Біздің түсінігімізше, қуатты өңірде адам туған жерінен кетпей-ақ лайықты болашағын қалыптастыра алады, - деді партия төрағасы.

Айта кетейік, бұған дейін Вице-Президент мәслихат депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасағанын жазғанбыз.