Осы орайда ол Қор тұрғын үй сатып алумен, азаматтардың несиелерін өтеумен айналыспайтынын атап өтті.
«Қайырымдылық көмек туралы барлық өтінім қордың электронды порталы арқылы келіп түседі. Бүгінде Қор құрылған сәттен бастап Қазақстанның барлық өңірінен 30 мыңнан астам өтінім келді. Оның 70 пайызы Қордың қызметіне сәйкес келмейді. Олардың көбісі баспана сатып алу мен несиені өтеуге қатысты», - деді Б. Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, қалған өтінімдер жарғылық міндеттерге сәйкес келеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Болат Жәмішев шетелде емделуге қаражат сұрағандардың мәселесі қалай шешілетінін айтты.
Қор күрделі операцияларды жүргізу үшін Қазақстанға шетелдік дәрігерлерді шақыратын болады.