Қазақстан хоккей құрамасы алғашқы ойынын Францияға қарсы өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 11 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы алғашқы матчта Францияға қарсы ойнайды.

Фото: icehockey.kz

Дүбірлі дода 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түседі.

Қазақстан құрамасы ойыншыларының тізімі:

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі — «Барыс»), Сергей Кудрявцев («Арлан»);

Қорғаушылар: Дмитрий Бреус («Торпедо»), Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров (барлығы — «Барыс») Артём Королёв, Мәди Диханбек (екеуі — «Номад»), Леонид Метальников («Адмирал», Ресей), Валерий Орехов («Металлург», Ресей);

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков, Роман Старченко, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков (барлығы — «Барыс»), Олег Бойко («Номад»), Дмитрий Гренц («Арлан»), Никита Михайлис, Максим Мухаметов (екеуі — «Металлург», Ресей), Кирилл Панюков («Амур», Ресей);

Қазақстан құрамасының ойын кестесі

11 мамыр. 15.20. Қазақстан — Франция
12 мамыр. 15.20. Қазақстан — Словакия
14 мамыр. 19.20. Қазақстан — Латвия
16 мамыр. 19.20. Қазақстан — Швеция
17 мамыр. 19.20. Қазақстан — Германия
19 мамыр. 19.20. Қазақстан — АҚШ
20 мамыр. 23.20. Қазақстан — Польша

Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама бұған дейін 10 мәрте кездесті. Оның 6-ы Францияның басымдығымен аяқталса, қалғанында қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетті.

Қос құрама арасындағы кездесулер:

17.04.2002. ӘЧ. Бірінші дивизион. А тобы. Франция — Қазақстан 6:0
30.04.2004. ӘЧ. Бірінші дивизион. Жұбаныш ойыны. Қазақстан — Франция 5:0
30.04.2005. Олимпиада ойындары. Іріктеу кезеңі. C тобы. Қазақстан — Франция 1:0
21.04.2007. ӘЧ. Бірінші дивизион. А тобы. Франция — Қазақстан 3:1
8.02.2009. Олимпиада ойындары. Іріктеу кезеңі. G тобы. Қазақстан — Франция 8:2
18.05.2010. ӘЧ. А дивизионы. Жұбаныш ойыны. Қазақстан — Франция 3:5
06.05.2012. ӘЧ. А дивизионы. H тобы. Франция — Қазақстан 6:3
07.02.2013. Олимпиада ойындары. Іріктеу кезеңі. Е тобы. Франция — Қазақстан 2:3
02.09.2016. Олимпиада ойындары. Іріктеу кезеңі. F тобы. Франция — Қазақстан 4:1
15.05.2022. ӘЧ. А дивизионы. А тобы. Франция — Қазақстан 2:1

Франциялық хоккейшілер элиталық және бірінші дивизиондарда тұрақты ойын көрсетіп келеді.

Әзірге элиталық дивизионда жоғары нәтижеге қол жеткізе алған жоқ. 

Қазақстан құрамасы 10 сәуірден бастап елордада өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындыққа кіріскен болатын.

Қазақстандық хоккейшілер 2021 жылдан бері элиталық дивизионда төрт жыл қатарынан ойын көрсетіп келеді.

Еске салсақ, ұлттық құрама елордада өткен Qazaqstan Hockey Open турнирінде Ресейден 0:1, Беларуське овертаймда 4:5 есебімен жеңілді.

Одан кейін ел құрамасы әлем чемпионатына дайындық аясында Чехия мемлекетінде Ұлыбританиямен жолдастық кездесуде 5:2 есебімен жеңіске жетті.