АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы бүгін, 7 мамырда Ұлыбританиямен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл әлем чемпионатына дайындық барысындағы соңғы ойын болады.
Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері 5 мамырда Чехияға жетті. Онда дүбірлі додаға дайындық барысын пысықтап жатыр.
Бүгінгі кездесу елорда уақытымен 20:00-ге белгіленген.
Қазақстандық хоккейшілер 2021 жылдан бері элиталық дивизионда ойын көрсетіп келеді.
Қазақстан құрамасы В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түседі.
Алғашқы ойынын Қазақстан құрамасы 11 мамырда Франция құрамасына қарсы өткізеді.
Ел құрамасы 10 сәуірден бастап елордада өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындыққа кіріскен болатын.
Оқу-жаттығу жиынына шетелдік және отандық клубтарда ойын көрсететін хоккейшілер шақыру алған.
Еске салсақ, ұлттық құрама елордада өткен Qazaqstan Hockey Open турнирінде Ресейге 0:1, Беларуське овертаймда 4:5 есебімен жеңілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.