АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қазақстандық Халықаралық даму агенттігі (KazAID) Сыртқы істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Иран Ислам Республикасына азық-түлік пен дәрі-дәрмек тиелген 30 вагон жөнелтілімін ұйымдастырды.
Гуманитарлық көмек Иран Қызыл Жарты Ай қоғамына тапсырылады.
Қазақстан халқының достас Иран халқына көрсеткен бұл көмегі екі ел арасындағы тату көршілік қарым-қатынас пен өзара қолдауды танытады.
Ал Таяу Шығыс елдерінен қанша қазақстандық елге қайтарылғанын мына сілтемеден оқыңыз.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.