Мемлекет басшысы АҚШ-тың танымал басылымдарына сұхбат берді
ВАШИНГТОН. KAZINFORM — Мемлекет басшысы АҚШ-қа сапары барысында The Washington Post және The New York Times секілді америкалық танымал басылымдарға сұхбат берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастыққа, Америкаға сапарының мәні мен маңызына, Дональд Трамп жүргізіп отырған саясатқа, әлемдегі геосаяси жағдайға, Украина төңірегіндегі ахуалға және басқа да мәселелерге қатысты ойымен бөлісті.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары Мемлекеттік хатшы Марк Рубиомен, Сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен кездесуден басталды.
Сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ аса маңызды минералдар туралы меморандумға қол қойды.
Қазақстан Авраам келісіміне қосылатын болды.