ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 23 наурызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті алдын ала бағалау құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясын анықтаған.
Аталған тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған.
Жүк тергелуге қатысты әрі қарай іс жүргізу үшін Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.