Елші Қазақстанның Орта дәліз маршруты бойынша ерекше стратегиялық маңызына тоқталды.
— Бүгінде Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтық транзиттің 70 пайызын қамтамасыз етеді. APM Terminals сияқты ірі нидерланд компаниялары бұл бағытта Ақтау мен Құрық порттарын дамытуға қазірдің өзінде үлес қосып отыр, — деді ол.
Сондай-ақ елші өткен апта ғана Нидерландыда 160 миллион еуро тұратын жаңа келісімшарттар жасалғанын хабарлады.
— Қазақстан Орталық Азиядағы маңызды ел. Бізге мұнай-газдан өзге салаларға, яғни су шаруашылығына, ауыл шаруашылығына көшу тиімді. Нидерланд Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвестор және бұл қызметті әлі де жалғастыруға ниеттіміз, — деп түйіндеді сөзін Шермерс.
Айта кетейік, бұған дейін, ол еліміз цифрландыру саласында Нидерландыға үлгі бола алатынын айтқан еді.