Қазақстан көгалдағы хоккейден Орталық Азия чемпионатының жеңімпазы атанды
14:50, 18 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстанның астанасы Ташкентте өткен көгалдағы хоккейден Орталық Азия елдерінің чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Спорт комитеті.
Финалда қазақстандықтар алаң иесі - Өзбекстан құрамасымен кездесіп, тартысты өткен ойында 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Ал әйелдер құрамасы қола жүлде үшін Тәжікстанмен ойнап, қарсыластың қақпасына жауапсыз 12 гол соқты.
Биылғы чемпионатта ерлер мен әйелдер арасында бес елдің командалары бақ сынады.
Айта кетейік, елімізде шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді.