Қазақстан көркем жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның әртістік жүзуден ұлттық құрамасы Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші жүлдеге ие болды.

Фото: ҚР ҰОК

Күміс жүлдені Ясмина Исламова мен Алдияр Рамазанов жеңіп алды.

Спортшылар аралас жұптар арасындағы еркін бағдарламада өнер көрсетіп, 248,1058 ұпай жинады.

Бірінші орынды 263,2992 ұпаймен Испания дуэті иеленді. Жапония құрамасы 246,9850 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатында Виктор Друзин техникалық бағдарламада үшінші орын еді.

Еске салайық, бұған дейін Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатында алтыншы орын алғанын жазғанбыз.