АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогы ширек финалына шыққан барлық команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан кубогы 1/8 финалы қарымта кездесуінде соңғы ойын «Қайсар» (Қызылорда) мен «Астана» арасында өтті.
Қос команда арасындағы алғашқы ойында елордалық клуб 5:1 есебімен басым түскен еді.
Бүгінгі кездесу тағдырын «Астана» сапынан Абат Айымбетов, Марин Томасов 93-минутта соққан екі гол гол шешті.
Осылайша «Астана» сырт алаңда қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға шықты.
Айта кетсек, «Шахтер», «Қызылжар», «Атырау», «Ордабасы», «Тобыл», «Тұран», «Қайрат» командалары ширек финалға жолдама алған еді.
Енді ширек финал 17 мамыр мен 7 маусым күндері өткізілсе, 28 маусым мен 8 шілдеде жартылай финал ойналады.
Финал 4 қарашада өтеді деп жоспарланған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.