Қазақстан құрамасы Еуропа ашық кубогын қос медальмен бастады

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM — Словения астанасы Любляна қаласында өтіп жатқан дзюдодан Еуропа ашық кубогының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы екі медаль алды.

Ел құрамасынан әйелдер арасында Эсмигүл Куюлова (63 келі) финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, күміс медаль алды. Жарыс барысында 5 кездесудің 4-еуін жеңіспен аяқтады.

Ал ерлер арасында Әлжан Нұрәділ (60 келі) қола жүлдеге қол жеткізді. Ол жұбаныш финалында Кристофер Веласконы (АҚШ) жарыс жолынан шығарды.

Айта кетсек, Еуропа ашық кубогына 44 елден 470 дзюдошы қатысып жатыр. Екінші жарыс күні бүгін, 15 ақпанда жалғасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 6-8 наурыз аралығында Аустрияның Линц қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.