Қазақстан құрамасы футзалдан УЕФА рейтингінде жоғарылады
21:56, 05 Қазан 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде екінші орынға көтерілді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Португалия құрамасы УЕФА рейтингінде көш бастап тұр.
Үздік үштікті Испания құрамысы түйіндеді.
Қазақстан футзал құрамасы әлем чемпионын жеңіп, ширек финалға өткен болатын.
30 қыркүйекте футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/4 финалында Аргентинадан ойсырай жеңілді.
Футзалдан әлем чемпионатының финалында Бразилия және Аргентина құрамалары кездеседі.