Қазіргі таңда Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогы өтіп жатыр. Турнир аясында Қазақстан ерлер құрамасы блоктық садақ атудан командалық сайыста жеңіске жетті. Отандастарымыз финалда Бангладеш құрамасымен кездесіп, 230:224 есебімен басым түсті.
Ұлттық құрама сапында Никита Ивлев, Павел Кузнецов, Ислам Серікұлы өнер көрсетті.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Азия кубогы 29 қазанда аяқталады.
Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова Астанадағы әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.