Жәмила Бақбергенова Астанадағы әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде әйелдер күресінен әлем чемпионатының 2-жарыс күні өтіп жатыр.

Жәмила Бақбергенова
Фото: Спортты дамыту дерекциясы

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше ұлттық құрама көшбасшысы, әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова (-72 кг) ширек финалда Украина өкілі, U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа чемпионы Надия Соколовскамен белдесті.

Отандасымыз кездесу барысын бақылауда ұстап, қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Есеп: 9-1.

Енді бірнеше сағаттан соң Бақбергенова жартылай финалда Қытай палуаны Зелу Лимен күш сынасады. 

Жартылай финалдар сағат 16:30–да басталады. Жарысты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетелік Күрестен әлем чемпионаты: Зейнеп Баянова қола медаль үшін күреседі.