Қазақстан құрамасы құзға өрмелеуден Азия кубогының кезеңінде сынға түседі

АСТАНА. KAZINFORM — Спорттық құзға өрмелеуден Оңтүстік Кореяның Кунсан қаласында өтетін Азия кубогының кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімі жарияланды.

Фото: ҚР ҰОК

Ерлер арасында Жандос Қалыбай, Матвей Есипов, Вадим Ишмухаметов, Глеб Семешкин, Азат Майкотов ел намысын қорғайды.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Виктория Адаменко, Полина Андреева, Айханым Айдарханқызы, Анна Баларшина, Арина Новицкая, Аделия Утешева өнер көрсетеді.

Отандастарымыз "боулдеринг" және "жылдамдық" бәсекесінде сынға түседі.

Айта кетейік, тізімге өзгеріс енгізілуі мүмкін. Жарыс 31 қазан мен 1 қараша күндері өтеді.

Шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңіне кімдер қатысатынын жазған болатынбыз.