Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленді.
Қола медаль иегері:
- Шыңғыс Қарасаев — Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.
Құрмет грамотасының иегерлері:
- Рамазан Бутантаев — Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Мамандандырылған IT лицейінің 11-сынып оқушысы;
- Аслан Әжібаев — Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
- Кирилл Тургумбаев — Қостанай облысы Жітіқара ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
Осылайша, Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет команда мүшелерінің барлығы марапатқа ие болды.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық оқушылар математика олимпиадасында әлемнің үздік 25 құрамасының қатарына енгенін жазған едік.