Командалық шпага сайысының 1/8 финалында қазақстандық семсерлесушілер Өзбекстан құрамасына қарсы тартысты кездесу өткізді. Матч 28:27 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.
Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Финляндияны 45:39 есебімен жеңді. Енді Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходовтан құралған команда ширек финалда Дания құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, бүгін, 29 шілдеде, сабля бәсекесінде әйелдер арасында командалық жарыстар да өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик және Қайша Жәнібек алғашқы кездесуінде Украина құрамасына 33:45 есебімен есе жіберді.
Еске салайық, бұған дейін садақ атудан ел чемпионатында іріктеу кезеңі мәресіне жеткенін жазғанбыз.