Федерацияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, Қазақстан құрамасы саблямен семсерлесуден командалық жарыста үшінші орынға ие болды.
Аталған жарысқа Қазақстан атынан Қайым Айбар, Нариман Ілияс, Ерхан Қараман, Шерім Қанағат өнер көрсетіп жатыр.
Жарыс барысында қазақстандықтар Үндістан құрамасын 45:33, Сингапур командасын 45:34 есебімен жеңді. Алайда, жартылай финалда Өзбекстанға 31:45 есебімен жол берді. Осылайша отандастарымыз кадеттер арасында қола медальға ие болды.
Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогы кезеңінде үш медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.