Қазақстан құрамасы триатлоннан Азия кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Түркістанда өтіп жатқан Азия кубогы кезеңінде төрт медаль жеңіп алды.

Фото: ҚР ҰОК

Ұлдар арасында Рамазан Әйнегов 21:59 нәтижесімен жарысты бірінші болып аяқтап, алтын медаль иеленді. Гор Депершмидт 22:04 көрсеткішімен екінші орынға тұрақтады. Ал Ресей спортшысы Илья Зотов 22:12 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.

ҚР ҰОК мәліметінше, қыздар арасындағы жарыста Алуа Нұрмұхамет 25:26 уақыт нәтижесін тіркеп, алтын жүлдеге қол жеткізді. Калерия Шнайдер 25:48 нәтижесімен екінші орын алды. Ресейлік Алёна Лопатина 25:50 көрсеткішімен үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бір күн бұрын ересектер арасындағы жарыста Арлан Жаңабай күміс медаль жеңіп алған еді.

Максим Сажнев Қазақстанның U20 рекордын жаңартып, әлем чемпионатының финалына шыққанын жазған едік.